
======================================================================
LibreOffice 4.3 ReadMe
======================================================================


Бұл readme файлының соңғы нұсқасы: http://www.libreoffice.org/welcome/readme.html

Бұл файлда LibreOffice өнімі туралы маңызды ақпарат бар. Орнатуды бастау алдында бұл ақпаратты мұқият түрде оқып шығу ұсынылады.

LibreOffice қоғамдастығы бұл өнімнің жасалуына жауап береді, және сізге қоғамдастық мүшесі ретінде қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Егер сіз бастауыш болсаңыз, онда сіз LibreOffice сайтын шолып, LibreOffice жобасы және сыбайлас қоғамдастықтар туралы көптеген ақпаратты таба аласыз. http://www.libreoffice.org/ сайтын шолыңыз.

LibreOffice өнімі әр пайдаланушы үшін шынымен еркін түрде келе ме?
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice әркім үшін де тегін. Сіз бұл LibreOffice өнімінің нұсқасын алып, оны өзіңізге керек компьютерлер санына орнатып, кез-келген мақсатта қолдана аласыз (соның ішінде коммерциялық, үкіметтік, әкімшілік және білім беру салаларында). Көбірек ақпаратты LibreOffice өнімімен бірге келетін лицензиялық келісімшарт мәтінінен білуге болады.

LibreOffice өнімі әркім үшін неге тегін?
----------------------------------------------------------------------

Сіз LibreOffice өнімін тегін түрде қолдана аласыз, өйткені жеке өндірушілер және корпоративті демеушілер оны жоспарлап, өндіріп, сынап, аударып, құжаттамасын жасап, қолдау көрсетіп, таратып және көптеген басқа тәсілдермен де LibreOffice өніміне оның бүгінгі күйіне жетуге көмектесті - ол енді үй және кеңседе қолданудың дүниежүзілік көшбасшы Open Source бағдарламалық қамтамасы.

Егер сіз олардың жұмысын бағалап, және LibreOffice өнімі болашақта да осындай қолжетерлік болатынына сенімді болғыңыз келсе, жобаны қолдау мүмкіндігін қарастырыңыз - толығырақ ақпараты үшін http://www.documentfoundation.org/contribution/ шолыңыз. Әркім де өз үлесін қоса алады.

----------------------------------------------------------------------
Орнату ескертпелері
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice толық мүмкіндіктері үшін Java Runtime Environment (JRE) соңғы нұсқасын талап етеді. JRE өнімі LibreOffice орнату дестесінің бөлігі емес, оны бөлек орнату керек.

Жүйелік талаптар:
----------------------------------------------------------------------

Жалпы, LibreOffice өнімін сіздің Linux операциялық жүйесінің орнату саймандарын қолданып орнату ұсынылады (мыс. Ubuntu Linux үшін ол Ubuntu қолданбалары орталығы). Өйткені, бұл тәсілмен жүйеңізге максималды икемделген өнім орнатылады. Әрі қарай, Linux операциялық жүйесінің дистрибутивіне тәуелді, LibreOffice өнімі ОЖ-мен бірге орнатылып келуі мүмкін.

Бұл - LibreOffice өнімінің "автономды" орнатқышы, ол алдын-ала қарауды және арнайы талаптары бар пайдаланушылары үшін және басқа да қалыпты емес жағдайлар үшін орнатылады.

* Linux Kernel нұсқасы 2.6.18 немесе жоғарылау;
* glibc2 нұсқасы 2.5 немесе жоғарылау;
* freetype нұсқасы 2.2.0 не жаңалау;
* gtk нұсқасы 2.10.4 немесе жоғарылау;
* Gnome 2.16 не жаңалау, gail 1.9 және at-spi 1.7 дестелерімен (көмекші технологияларды қолдау саймандары [AT] үшін керек), немесе басқа да үйлесімді GUI (KDE сияқты, басқалардың арасында).

Linux дистрибутивтерінің көптеген түрлері бар, ал өндірушісі бір болса да, орнату нұсқалары (KDE және Gnome, т.с.с.) әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір дистрибутивтер өздік, әрі өз ерекшеліктеріне ие бола алатын, LibreOffice өнімінің нұсқасымен келуі мүмкін. Қоғамдастық ұсынатын LibreOffice нұсқасы көп жағдайда “өздік” нұсқасымен қатар орнатылуы мүмкін. Бірақта, қоғамдастық ұсынатын нұсқасын орнату алдында сіз “өздік” нұсқасын өшіре аласыз. Осыны қалай жасауға болатынын білу үшін, өзіңіздің Linux нұсқасының өндірушісі ұсынатын құжаттаманы шолыңыз.

Бағдарламалық қамтаманы өшіру немесе орнату алдында жүйеңіз және деректеріңіздің қор көшірмелерін жасау ұсынылады.

Жүйеңіздің уақытша бумасында жеткілікті бос орын бар екеніне, және оқу, жазу және орындау құқықтары барына көз жеткізіңіз. Орнатуды бастау алдында барлық басқа бағдарламаларды жабыңыз.

LibreOffice өнімін Debian/Ubuntu тектес Linux жүйелерінде орнату
----------------------------------------------------------------------

Тілдік дестесін орнату жөніндегі нұсқаулықтары үшін (LibreOffice өнімінің АҚШ ағылшын нұсқасын орнатқаннан кейін), төмендегі Тілдік дестесін орнату деп аталатын бөлімді оқыңыз.

Жүктеліп алынған архивті тарқату кезінде, оның құрамасы қандай да бір бумаға тарқатылады. Файлдар басқарушысы терезесін ашып, атауы "LibreOffice_" сөзінен басталатын, және нұсқа нөмірі және платформа атауы бар бумасына өтіңіз.

Бұл бума ішінде "DEBS" деп аталатын бума бар. "DEBS" бумасына өтіңіз.

Бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Терминал терезесі ашылатын болады. Терминалдың командалық жолында келесі команданы енгізіңіз (команда орындалу алдында, сізден жүйелік әкімші паролі сұралатын болады):

Келесі командалар LibreOffice және жұмыс үстел ортасына интеграция дестелерін орнатады (оларды көшіріп алып, терминал терезесіне кірістіруге да болады):

sudo dpkg -i *.deb

Орнату үрдісі енді аяқталды, және Қолданбалар/Кеңселік жүйелік мәзірінде LibreOffice қолданбаларын іске қосуға арналған таңбашалар пайда болуы тиіс.

LibreOffice өнімін Fedora, openSUSE, Mandriva және басқа да RPM дестелерін пайдаланатын Linux жүйелерінде орнату
----------------------------------------------------------------------

Тілдік дестесін орнату жөніндегі нұсқаулықтары үшін (LibreOffice өнімінің АҚШ ағылшын нұсқасын орнатқаннан кейін), төмендегі Тілдік дестесін орнату деп аталатын бөлімді оқыңыз.

Жүктеліп алынған архивті тарқату кезінде, оның құрамасы қандай да бір бумаға тарқатылады. Файлдар басқарушысы терезесін ашып, атауы "LibreOffice_" сөзінен басталатын, және нұсқа нөмірі және платформа атауы бар бумасына өтіңіз.

Бұл бума ішінде "RPMS" деп аталатын бума бар. "RPMS" бумасына өтіңіз.

Бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Терминал терезесі ашылатын болады. Терминалдың командалық жолында келесі команданы енгізіңіз (команда орындалу алдында, сізден жүйелік әкімші паролі сұралатын болады):

Fedora тектес жүйелер үшін: su -c 'yum install *.rpm'

Mandriva тектес жүйелер үшін: sudo urpmi *.rpm

RPM негізінденгі басқа жүйелер (openSUSE және т.б.) үшін: rpm -Uvh *.rpm

Орнату үрдісі енді аяқталды, және Қолданбалар/Кеңселік жүйелік мәзірінде LibreOffice қолданбаларын жөнелту үшін таңбашалар пайда болуы тиіс.

Осыдан басқа, орнатуды пайдаланушы құқықтарымен орындау үшін, бұл архивтің түбірлік бумасында орналасқан 'install' орнату скриптін қолдануға болады. Бұл орнату үшін скрипт LibreOffice өнімінің қалыпты профилінен ажырату үшін, LibreOffice өнімінің өздік профилін жасайды. Ескертеміз, бұл жүйемен интеграцияны жасамайды, яғни, жұмыс үстел мәзірін орнату және MIME түрлерінің тіркелуін орындамайды.

Жоғарыдағы нұсқауларда қарастырылмаған Linux дистрибутивтерінде жұмыс үстелі ортасымен интеграциялау жөніндегі нұсқаулар
----------------------------------------------------------------------

Бұл нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да Linux жүйелерінде LibreOffice өнімін оңай түрде орнатуға болады. Басты айырмашылық жұмыс үстелі ортасымен интеграциялауда болады.

RPMS (немесе DEBS, сәйкесінше) бумасында сонымен қатар libreoffice4.1-freedesktop-menus-4.1.0-3.noarch.rpm деп аталатын (не libreoffice4.1-debian-menus_4.1.0-3_all.deb, сәйкесінше, немесе осыған ұқсас) дестесі бар. Ол десте Freedesktop.org спецификацияларын/ұсыныстарын (http://en.wikipedia.org/wiki/Freedesktop.org) қолдайтын барлық Linux дистрибутивтері үшін арналған, және де осыған дейін аталмаған басқа да Linux дистрибутивтерінде орнату үшін арналған.

Тілдік дестесін орнату
----------------------------------------------------------------------

Керек тіл және платформа үшін арналған тілдік дестені жүктеп алыңыз. Тілдік дестелерді негізгі орнату архиві орналасқан жерінен табуға болады. Nautilus файлдар басқарушысы көмегімен архивті бумаға тарқатыңыз (мыс. жұмыс үстеліне). Барлық LibreOffice қолданбаларынан шыққаныңызға көз жеткізіңіз (QuickStarter қоса).

Енді жүктеліп алынған тілдік дестесі тарқатылған бумаға өтіңіз.

Енді тарқату кезінде жасалған бумасына өтіңіз. Мысалы, 32-биттік Debian/Ubuntu тектес жүйесіне арналған қазақша тілдік дестесі үшін, бума LibreOffice_, және оған жалғанған нұсқа ақпараты, және соңында Linux_x86_langpack-deb_kk түрінде аталатын болады

Енді тарқату кезінде жасалған бумасына өтіңіз. Debian/Ubuntu тектесі жүйелерінде бума DEBS деп аталады. Ал, Fedora, openSUSE немесе Mandriva үшін бума RPMS деп аталатын болады.

Nautilus файлдар басқарушысында, бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, мәзір ішінен "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Ашылған терезеде тілдік дестені орнату үшін келесі команданы орындаңыз (төмендегі командалардың барлығы үшін де жүйелік әкімші паролін енгізу керек болуы мүмкін):

Debian/Ubuntu тектес жүйелері үшін: sudo dpkg -i *.deb

Fedora тектес жүйелер үшін:su -c 'yum install *.rpm'

Mandriva тектес жүйелер үшін: sudo urpmi *.rpm

RPM негізінденгі басқа жүйелер (openSUSE және т.б.) үшін: rpm -Uvh *.rpm

Енді LibreOffice өнімінің қандай да бір қолданбасын іске қосыңыз, мысалы, Writer. Саймандар - Опциялар мәзірін ашыңыз. Опциялар сұхбат терезесінде "Тіл баптаулары", ал одан кейін "Тілдер" үстіне шертіңіз. "Пайдаланушы интерфейсі" түсетін мәзірінен жаңа ғана орнатылған тілді таңдаңыз. Керек болса, дәл осы тілді "Жергілікті баптаулар", "Үнсіз келісім бойынша қаржы" және "Үнсіз келісім бойынша құжаттар тілі" үшін де таңдаңыз.

Бұл баптауларды орнатқаннан кейін ОК батырмасын басыңыз. Сұхбат терезесі жабылады, және сіз көрсеткен өзгерістер LibreOffice өнімінің жұмысын аяқтап, оны қайта қосқан кезде ғана іске асатыны туралы хабарлама көрсетіледі (QuickStarter іске қосылған болса, оның да жұмысын аяқтау керек).

LibreOffice келесі рет іске қосылған кезде жаңа ғана орнатылған тілмен іске қосылатын болады.

----------------------------------------------------------------------
Бағдарламаның іске қосылу кезіндегі мәселелері
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice жөнелту кезіндегі (мысалы, қолданбалардың тоқтап қалуы) және экрандағы көрсетілу мәселелер көбінесе видеокарта драйверінен болады. Осындай мәселелерді шешу үшін драйверді жаңартыңыз, немесе операциялық жүйесімен бірге келетін драйверді қолданыңыз. Үш өлшемді объектілерді көрсету мәселелерін шешу үшін «Саймандар - Опциялар - LibreOffice - Түрі - Графикалық шығыс» ішіндегі «OpenGL қолдану» опциясын сөндіріңіз.

----------------------------------------------------------------------
Пернелер жарлықтары
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice ішінде тек операциялық жүйесінде қолданылмайтын пернелер жарлықтарын қолдануға болады. Егер LibreOffice ішінде пернелер жарлықтары көмекші құжаттамада жазылғандай жұмыс істемесе, ол жарлықтар операциялық жүйесімен қолдануда болмағанын тексеріңіз. Осындай мәселелерді шешу үшін сіз операциялық жүйе қолданатын пернелер жарлықтарын өзгерте аласыз. Сонымен қатар, LibreOffice өнімі ішіндегі жарлықтардың көбін өзгертуге болады. Бұл мәселе жөнінде көбірек білу үшін LibreOffice көмегін немесе операциялық жүйесінің құжаттамасын оқыңыз.

----------------------------------------------------------------------
Файлдарды блоктау
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice ішінде үнсіз келісім бойынша файлдарды блоктау мүмкіндігі іске қосылған. Network File System (NFS) хаттамасын қолданатын желіде жұмыс істеу кезінде NFS үшін файлдарды блоктау қызметі іске қосулы болуы тиіс. Блоктау мүмкіндігін сөндіру үшін, soffice түзетіп, оның ішінде «export SAL_ENABLE_FILE_LOCKING» жолын «# export SAL_ENABLE_FILE_LOCKING» етіп өзгертіңіз. Блоктауды сөндіргеннен кейін, құжатқа жазу құқығы енді құжатты бірінші болып ашқан пайдаланушысымен шектелмейді.

----------------------------------------------------------------------
Графикалық өнімділік
----------------------------------------------------------------------

Үнсіз келісім бойынша, LibreOffice ішінде жылдамдыққа кері әсер етсе де, графикалық интерфейстің сәнділігін қолдауы іске қосылған. Графикалық интерфейстің баяу жылдамдығы мазаңызды алса, онда "Саймандар - Опциялар - LibreOffice - Түрі - Тегістеуді қолдану" опциясы сізге көмектесе алады.

----------------------------------------------------------------------
Арнайы мүмкіндіктерге қатысты маңызды толықтырулар
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice өніміндегі арнайы мүмкіндіктер туралы көбірек ақпарат келесі парақта бар: http://www.libreoffice.org/accessibility/

----------------------------------------------------------------------
Пайдаланушыларға қолдау көрсету
----------------------------------------------------------------------

Қолдау көрсетудің басты парағы - http://www.libreoffice.org/support/, ол LibreOffice үшін көмектің бірнеше түрін ұсынады. Сұрағыңызға жауап бар болып тұрғаны әбден мүмкін - қоғамдастық форумынан http://www.documentfoundation.org/nabble/ немесе хат тарату тізімдерінің архивтерінен іздеңіз 'users@libreoffice.org' http://www.libreoffice.org/lists/users/. Сонымен қатар, өз сұрағыңызды қоя аласыз: users@libreoffice.org. Хат тарату тізіміне жазылам десеңіз (жауаптарды эл. поштаға алу үшін), онда келесі адреске бос хатты жіберіңіз: users+subscribe@libreoffice.org.

Сонымен қатар, http://www.libreoffice.org/faq/. адресінен жиі қойылатын сұрақтарды оқуыңызға болады

----------------------------------------------------------------------
Қателер және мәселелер жөнінде хабарлау
----------------------------------------------------------------------

Мәселелерді хабарлау, бақылау және шешу үшін біз BugZilla жүйесін қолданамыз, ол https://bugs.freedesktop.org/ жерінде орналасқан. Біз барлық пайдаланушылардан табылған мәселелер жөнінде хабарлауды сұраймыз және оны қолдаймыз. Мәселелер жөнінде хабарлау - LibreOffice өнімін жақсарту және дамыту мақсатындағы жасауға болатын маңызды үлес қосу жолы.

----------------------------------------------------------------------
Қоғамдастыққа мүше болу
----------------------------------------------------------------------

LibreOffice қоғамдастығына бұл маңызды кодтары ашық жобасына сіздің қатысуыңыз өте пайдалы болады.

Пайдаланушы ретінде сіз осы жобаға маңызды үлес қосудасыз, және де біз сізді қоғамдастыққа ұзақ мерзімді қатысушы болуға одан әрі белсенді рольді алуға шақырамыз. Жобаға мүше болыңыз және үлес қосу туралы ақпаратпен таныс болыңыз: http://www.libreoffice.org/contribution/

Бастау үшін
----------------------------------------------------------------------

Өз үлесіңізді қосуды бастаудың ең жақсы жолы - бір немесе бірнеше эл. хаттарды тарату тізімдеріне жазылып, оларды біраз бақылап, хат архивтерін LibreOffice өнімінің бастапқы коды 2000 жылдың қазан айында ашылғаннан бері туындаған көптеген тақырыптармен танысу үшін қолдана бастау. Үйренгеннен кейін, өзіңіз туралы шағын ғана жазып, тарату тізіміне жіберсеңіз болды. Егер де сіз Open Source жобаларымен таныс болсаңыз, қойылған тапсырмалар тізімімен танысып, бізге көмектесе алатын есептерді таңдаңыз: http://www.libreoffice.org/develop/.

Жазылу
----------------------------------------------------------------------

Міне, сіз жазыла алатын бірнеше хат тарату тізімдері осында http://www.libreoffice.org/contribution/

* Жаңалықтар: announce@documentfoundation.org *барлық пайдаланушыларға ұсынылады* (аз трафик)
* Пайдаланушылар үшін негізгі хат тарату тізімі: users@global.libreoffice.org *талқылауларды бақылаудың жеңіл жолы* (көп трафик)
* Маркетингтік жоба: marketing@global.libreoffice.org *өндіру нәтижелері* (көп трафик)
* Өндірушілердің негізгі хат тарату тізімі: libreoffice@lists.freedesktop.org (көп трафик)

Жобаларға қосылу
----------------------------------------------------------------------

Бағдарламалық қамтаманы өндіруде немесе код жазуда тәжірибеңіз аз болса да, бұл маңызды ашық кодты жобаға өз үлесіңізді қоса аласыз. Бұл шынымен де солай!

LibreOffice 4.3 өнімімен жұмысыңыз табысты болатынына әрі сіз біздің жобамызға Интернет көмегімен қосылатыныңызға үміттенеміз.

LibreOffice қоғамдастығы

----------------------------------------------------------------------
Қолданылған/Түрлендірілген бастапқы код
----------------------------------------------------------------------

Portions Copyright 1998, 1999 James Clark. Portions Copyright 1996, 1998 Netscape Communications Corporation.